ҮЛКЕН КҮНӘЛАР 1) Себепсіз адам өлтіру. 2) Зина жасау. 3) Ливата жасау (анальдық қатынас) барлық діндерде харам болып табылады. 4) Шарап және әр түрлі алкогольді ішімдіктер ішу. 5) Ұрлық жасау. 6) Ләззат алу маысатында наркотик қолдану. 7) Біреудің мүлкін күшпен алу, яғни тартып алу. 8) Өтірік куәгер болу. 9) Рамазан оразасында үзірсіз мұсылмандардың алдында ішіп-жеу. 10) Риба, яғни пайызға ақша алу және беру. 11) Көп ант ету. 12) Әке-шешеге қарсы келу, тілін алмау. 13) Мұсылман және салих болған туыстармен араласпау. 14) Соғыс кезінде соғысты тастап дұшпаннан қашу. 15) Разылығы болмастан жетімнің мүлкін жеу. («С.Әбәдийа» кітабының 1029 бетінде былай делінген: «Жетімнің қамқоршысына оның мүлкінен жеуі және қолдануы жаиз. Басқаларға жегізуі және пітірін беруі, құрбандығын шалдыруы жаиз емес.») 16) Таразыны және өлшеу құралдарын дұрыс қолданбау. 17) Намазды өз уақытынан бұрын немесе кейін оқу. 18) Мұсылман бауырын ренжіту. 19) Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтпаған сөзін айтып, бұл сөзді пайғамбарымыз айтты деп жала жабу. 20) Пара алу. 21) Дұрыс куәгерліктен қашу. 22) Мал-мүліктің зекетін, ушрын бермеу. 23) Шамасы жетіп тұрса да, харам, күнә істегендерді көргенде кедергі болмау. 24) Тірі жануарды отқа жағу. 25) Құран кәрімді үйренгеннен кейін оқылуын ұмыту. 26) Алла Тағаланың мейірімінен үмітті үзу. 27) Мұсылман болса да, кәпір болса да, адамдарға қиянат жасау. 28) Шошқа етін жеу харам болып табылады. 29) Расулуллаһтың сахабаларынан (Оларға Алла разы болсын) кезкелген бірін жақсы көрмеу, олар жайында жаман сөз айту. 30) Қарын тойғаннан кейін де тамақтануды жалғастыру харам болып табылады. 31) Әйелдердің күйеуінің төсегінен қашуы. 32) Әйелдердің үйден күйеуінің рұқсатынсыз шығуы. 33) Әдепті, намысты әйелге жезөкше деу. 34) Нәмимә, яғни мұсылмандар арасында сөз тасу. 35) Әурет жерлерді басқаларға көрсету. (Еркектің кіндік пен тізе арасы, ал әйелдің шашы, қолы, аяғы да әурет болып саналады.) Біреудің әурет жеріне қарау. 36) Өлген хайуанның етін (өлексені) жеу және біреуге жегізу. Дініміздің білдіргеніне сай болмай өлтірілген хайуандар да өлексе болады. 37) Аманатқа қиянат жасау. 38) Мұсылманды ғайбаттау. 39) Біреуге көре алмаушылық таныту. 40) Алла Тағалаға серік (ортақ) қосу. 41) Өтірік айту. 42) Тәкәппарлық, өзін басқалардан үстем, жоғары санау. 43) Өлім аузында жатқан науқастың мал-мүлкін мирасқорларынан қызғануы. 44) Бақылдық, яғни өте сараң болу. 45) Дүниелікке харамдарға деген махаббат. 46) Алла Тағаланың азабынан қорықпау. 47) Харам болған нәрсеге харам деп сенбеу. 48) Халал болған нәрсеге халал деп сенбеу. 49) Палшылардың айтқанына, ғайыптан хабар беретіндігіне сену. 50) Діннен шығу, мүртәд болу. 51) Үзірсіз біреудің әйеліне, қызына қарау. 52) Әйелдердің еркек киімін киюі. 53) Еркектердің әйел киімін киюі. 54) Қағбада күнә істеу. 55) Уақыты кірмей тұрып азан айту және намаз оқу. 56) Мемлекет адамдарының әмірлеріне, заңдарға дұшпан болу, қарсы шығу. 57) Әйелінің әурет жерлерін анасының әурет жерлеріне ұқсату. 58) Әйелінің анасын балағаттау. 59) Бір-біріне қаруды бағыттау, дәлдеу. 60) Иттен артылғанды ішіп-жеу. 61) Жасаған жақсылығын міндетсіну. 62) Еркектердің жібек киюі. 63) Сауатсыздықта аяқ тіреп тұру, надандықтан қайтпау. (Әһли сүннет сенімін, парыздарды, харамдарды және қажет болған барлық ілімдерді үйренбеу.) 64) Алла Тағаладан және Ислам діні білдірген атаулардан басқа нәрселерді айтып ант ету. 65) Ілімнен қашу. 66) Надандықтың қасірет екенін түсінбеу. 67) Кіші күнәні қайта-қайта істеу. 68) Зәрулік болмастан қатты дауыспен көп күлу. 69) Бір намаз уақытын өткізіп жіберетіндей уақыт бойы жүніп болып жүру. 70) Хайз (етеккір) және нифас (босанғаннан кейінгі қан) жағдайларында әйелімен қосылу. 71) Ән салу. Әдепсіз өлеңдер айту, музыкалық, сазды аспаптарды қолдану. 72) Өз-өзін өлтіру

Теги других блогов: Ислам Харам Күнә Мүслім